19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

🔷 Үшінші мегаполисте 9 айдың қорытындысы бойынша 3 мектепке 2 000 оқушы орнын қамтитын қосымша ғимарат салынды. Оған қоса, жаңадан 18 000 орындық 20-ға жуық жекеменшік білім ұясы ашылды. Нәтижесінде қалада үш ауысымда оқу мәселесі толығымен шешілді.

🔷 Тарқатып айтсақ, №1 мектепке 600 орындық, №45 мектепке 300 орындық, №65 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс жүргізіліп, ел игілігіне берілді. 4 мектептің ауласында типтік үлгідегі спорт алаңшалары ашылды. 9 ғимарат: 4 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж, 2 арнайы мектеп-интернат күрделі жөндеуден өтті.

🔷 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 18 нысан салынады деп жоспарланған, оның 12-сінің құрылысы биыл басталды.

🔷 Қаладағы білім беру ұйымдары 100 пайыз арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелерімен, турникеттермен қамтылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер жаяу жүргіншіден марихуана тапты

smarttop

Жалған нөмір тағып, 2 миллион теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші анықталды

smarttop

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛҒЫС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру