33.3 C
Шымкент
Воскресенье, 13 июля, 2025
Smarttop.kz

Жайылымнан жоғалған 20-дан астам ұсақ мал иесіне қайтарылды

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның 23 бас ұсақ малдары жайылымдық жерден жоғалып кеткен. Содан полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Олар жайылымдық аумақтарды түгел қарап, бақташылармен әңгімелесу жүргізді. Бір күн ішінде атқарылған жедел әрі тиянақты жұмыстардың нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде малдарды тапты. Анықталғандай 23 бас қой жайылып жүріп, қыр асып, жайылымнан ұзап кеткен. Ұсақ малды тапқан соң сақшылар арнайы көлікке артып әкеліп, иесіне тапсырды. «Мен Сауран ауданының тұрғыны полиция бөліміне малдарымның жоғалғандығын айтып, тауып берулерін сұраған едім. Бүгін міне, менің жоғалған малдарымды тауып берді. Ізін суытпай, жедел қызмет еткен сіздерге алғысым шексіз. Полиция қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеймін!» — деп атап өтті жоғалған малдардың иесі. Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ мал ұстайтын тұрғындарға малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу және жайылымға қараусыз жібермей бақташы жалдау керектігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

26-маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні

smarttop

Полицейлер террористік тұрғыдан осал нысандар бойынша объектілерді тексеруге бекітілген қызметкерлермен кездесу өткізді

smarttop

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру