8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ALAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «ALAN» халықаралық мектебінің құрылыс барысын көрді. Заманауи стандарттарға сай келетін білім мекемесі осы жылдың қыркүйек айында іске қосылады.

Қаратау ауданында орналасқан мектеп 840 оқушыға лайықталған. Мұнда 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім алады. Оқу ғимаратында 60 пән кабинетімен бірге ашық және жабық түрдегі спортзал, кітапхана және асхана қаралған. Оқушылардың ғылыми жұмыстарға бағыттау үшін ғылыми зертханалар жасақтау көзделіп отыр.

Білім мекемесі толық күндік мектеп болғанымен ерекшеленеді. Оқушылар сағат 8:00-17: 00-ге дейін қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынған смарт мектебінде қосымша біліммен қамтылады.

Мектеп іске қосылғаннан кейін барлығы 168 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Кадрлар халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде іріктеліп, үш тілді жетік меңгеруі міндеттеледі. Одан бөлек, шетелден білікті мамандарды шақыру көзделіп отыр. Білім беру әдісі STEAM, PBL, TRIZ, CLIL және өзге де әлемнің озық бағдарламасына негізделген.

Сонымен қатар, оқушылар спорт пен шығармашылық үйірмелері және сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыса алады.

Айта кетсек, биыл қалада 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 11-і жеке инвестор есебінен салынуда. Нәтижесінде үшауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке азаяды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРУДЕ

smarttop

МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!

smarttop

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ 7775 АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

Пікір қалдыру