16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, спортшы полицейлерді жеңістерімен құттықтап марапаттады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов әрқашан жеке құрамға қолдау көрсетіп, қажет болса еңбегіне қарай мақтап-марапаттап отырады. Мұның барлығы полицейлер үшін үлкен демеу, ынталандыру. Дәл осындай салтанатты сәт мәжіліс залында ұйымдастырылып, облыстың бас полицейі М.Қабденов, спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған тәртіп сақшыларына тиісті марапаттарын табыстады.

Аталған жарыстарға Түркістан облысы Полиция департаментінің атынан жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қатысып, полиция имиджін көтеруге үлкен үлесін қосты. Олар спортты серік етіп шыныққан, қиын да қауіпті қызметі мен жаттығуды қатар алып жүрген батыр полицейлер. Сондықтан бұл жолғы марапаттау рәсімі балуандарды құрметтеуден басталды. Оның ішінде жаны нәзік болса да, ерлермен қатар ішкі стер саласында қызмет етіп жүрген полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова бар. Ол Нұр-Сұлтан қаласында Белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында I-орын және Кураш күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында III-орын иеленген. Сонымен қатар Кураш күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Чемпионатта полиция лейтенанты Сәкен Жақсыкелді III-орынмен марапатталды. Ал полиция аға лейтенанты Ерболат Алиакбаров, Түркістан қаласында Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турнирге қалалық іріктеуге қатысып, түйе палуандар арасында III-орын және Алматы қаласында өткен спорттық самбо күресінен III–орынды иеленді. Ал жеке құрам арасында «чемпион қыз» аталып кеткен полиция лейтенанты Перизат Жақыпбекова, өзінің кәсіби шеберлігі мен мықтылығын таныта білді. Осылайша Орал қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасында дзюдо күресінен, Кеңес одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған Х ашық республикалық турниріне қатысып, жүлделі I–орынды қанжығасына байлаған. Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында спорт сайысының жеңімпаздары мұнымен толастамайды. Мәселен Алматы қаласында өткен спорттық самбо күресінен I–орын және Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өткен «Динамо»-ның 2022 жылға арналған спорттық күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Қазақша күрестен» 82 келі салмақ дәрежесінде I-орын иеленіп, «ДИНАМО БАРЫСЫ» атанып полиция лейтенанты Еркеғали Қуандық та марапатталды. Алматы қаласында өткен спорттық самбо күресінен ІІ-орын алған полиция аға лейтенанты Бексұлтан Оразымбет, ал ІІІ-орынды полиция лейтенанты Айбек Эрметов пен полиция капитаны Сабыржан Әбілдаұлы да полиция генерал-майоры М.Қабденовтің марапатына ие болды. Сонымен қатар волейболдан Қазақстан Республикасының ХХХ-Чемпионатының 5 тур нәтижесі бойынша Түркістан облысының «Тұран-Динамо» командасы ІІ-орынды иеленген. Осылайша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған полицейлерге әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, қызметте өсе беріңіздер дегіміз келеді. Түркістан облысы Полиция департаменті спортшы сақшылары сенімді ақтап, ҚР-ға адал қызмет етуіне тілектеспіз!

Ұқсас ақпараттар

Алаяқтық қылмысының 15 жайтына қатысы бар бойжеткен қамауға алынды

smarttop

ЖАҢАТАЛАП САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ХХІІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру