3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласы «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Аlem luxury» ЖШС-нің құрылысы жуырда аяқталды. Жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың өнім өндіруге әлеуеті бар. Жобаны жүзеге асыруға 500 млн теңге тартылған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов индустиалды аймақты аралау барысында кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Келесі нысан – «DentaFill Kazakhstan» ЖШС. Дәрілік және гигиеналық заттарды өндіретін  компания жылына 10 млн дана өнім шығаруға әлеуеті бар. Бүгінде нысанның құрылысы аяқталып, қажетті құралдармен жабдықталуда.

Одан кейін М.Әйтенов «Smart eng» жиһаз фабрикасында болды. Жылдық әлеуеті 120 мың жиһаз өндіретін кәсіпорын жақын арада ресми түрде өз жұмысын бастағалы тұр. Нәтижесінже 100 адам жұмыспен қамтылмақ.

Аумағы 2 га жерге орналасқан фабриканың құрылысы 2021 жылы басталып, оған 750 млн. теңге инвестиция тартылған.

–Кәсіпорын ашуға ықылас білдірген кәсіпкерлердің барлығына өз тарапымыздан түрлі бағытта қолдау көрсетуге дайынбыз. Қаламызда зауыт, фабрикалардың көптеп салынуы қала экономикасына оң әсерін тигізумен бірге, азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ендігі кезекте жұмысшылардың еңбек шарттарында көрсетілген барлық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілуі керек, -деді қала әкімі.

Ұқсас ақпараттар

400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 8 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕЙТІН ЖАЛҒЫЗ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНА ТУРИСТЕР ЖИІ КЕЛЕДІ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛ КАРТАСЫН ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру