1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУ

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімімен Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау, аттестаттау саласы бойынша жалпы саны 5 мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.
Олар:
• Іздестіру қызметіне лицензия беру;
• Жобалау қызметіне лицензия беру;
• Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
• Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
• Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Аталған қызметтер толық электронды түрде көрсетіледі.
Басқарма тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтер келесі заңнамалық актілерге сәйкес көрсетіледі, олар:
• Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» № 202-V ҚРЗ Заңы;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» № 114 бұйрығы;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2014 жылғы 9 желтоқсандағы «Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 136 бұйрығы;
• Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 175 бұйрығы.
Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық — цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген бірыңғай біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі — біліктілік талаптары) сәйкестігін қарайды — 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және «жеке кабинетке» жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартуды ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды — 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлерінен 8 (7252) 24-75-09 телефоны арқылы сұрақ қойып, жауап алуға болады.

Ұқсас ақпараттар

ТУРИСТЕРДІ ТАРТУДЫҢ БІРДЕН-БІР ҚҰРАЛЫ – ҚАЛАНЫ ЖАРНАМАЛАУ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҮШІН АУЫЗСУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН ЖАҢАДАН 15 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру