Smarttop.kz

Жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті әйел анықталды

Шардара ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар шағымданған. Жәбірленушілердің айтуы бойынша, ортақ таныс әйел жұмысқа орналастырып беремін деген желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы екі миллионға жуық қаржыларын алып, ұстатпай қашып жүрген.
Полициялар аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алып, дереу жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

БҮГІНДЕ ШАҺАРДА 18 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

АЛИМЕНТ БОЙЫНША ЗАҢНАМАМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРУ АМАЛДАРЫН УАҚЫТЫЛЫ ҚОЛДАНБАЙТЫН СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛГЕН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ЕКІ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру