Smarttop.kz

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ӘПЕРЕМІН ДЕП АЛДАҒАН ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Оның айтуынша «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз біреу «жүргізуші куәлігін жасап беремін» — деп, сеніміне кіріп, ақшасын банк шотына аудартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар банк шоттарын тексеріп, жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы жарнаманы көріп қалған. Содан оның жекесіне жазып, екеуі байланыс орнатқан. Алайда, күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырып, күдіктіден ақша алған соң, байланысты үзген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері белгісіз адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Таныс емес, бөтен адамға ақша аударып, өзіңізге тиесілі құжаттардың нөмірін бермеуді ескертеді. Егер де, сіз, осындай жайтқа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

СУДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

smarttop

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТА ТӘРТІПТІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕКЕЛЕГЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЖОО ГРАНТЫ ЕСЕБІНЕН ТЕГІН ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

smarttop

ТАЛПЫНҒАН ЖАСҚА ЖОЛ АШЫҚ

smarttop

Пікір қалдыру