3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТАЛПЫНҒАН ЖАСҚА ЖОЛ АШЫҚ

Шымкентте жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын тәмамдап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасып жатқан жастар аз емес. Солардың бірі шымкенттік — Гүлнәр Асылова (суретте). Ол 2019 жылы қаладағы М.Сапарбаев атындағы “Парасат” колледжін “Дизайнер” мамандығы бойынша бітірген. Алайда, мамандығы бойынша жұмыс таппай жекеменшік балабақшалардың бірінде күтуші болып жұмыс істеген. “Жастар практикасы” бағдарламасы туралы халықты жұмыспен қамту орталығының instagram парақшасынан оқып, құжат тапсыруға бел буады. Талпынысы бекер емес екен. Гүлнәрға осы жылдың ақпан айында Шымкенттегі дизайнерлік тігін шеберханалардың біріне жұмысқа жолдама беріледі. Қазіргі таңда ол жұмыс жасайтын өндіріс орны тапсырыс арқылы түрлі киімдер тігеді.
— Талпынған жасқа жол қашанда ашық. Мамандығым бойынша жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын. Айлығым уақтылы төленеді. Азсынбаймын. Тәжірибе жинақтаудамын. Тиісті мерзім аяқталып осы мекемеде тұрақты жұмысқа қалсам деген жоспарым бар, — дейді жас маман Гүлнар Асылова.
Жалпы, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған. Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналастықан.
«Жастар практикасы»- уақытша жұмыс орны есептеледі және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы көтеріліп (30 АЕК) — (91 890 тг) және мерзімі 12 айға дейін ұзартылған (бұрын 6 ай болатын).

2022 жылы «Жастар практикасына» 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 700-ге тарта жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.

Ұқсас ақпараттар

58 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЕМХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

“SHYMKENT FEST” ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері ақша ұрлаған зейнеткерді анықтады

smarttop

Пікір қалдыру