Smarttop.kz

Полицейлер жергілікті тұрғынның ауласынан есірткі тапты

Түлкібас аудандық полиция бөліміне ер адамнан жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсімдігін егетіні және өсіретіні туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасы аясында күдікті анықталды. Тұрғынның ауласын тінту кезінде 7 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты ретінде алынған зат «қарасора» есірткі өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК, ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕСЕБІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері шомылу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

smarttop

№ 8 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру