Smarttop.kz

Полицейлер танысын ұрып-соғып телефонын тартып алған жас жігітті ұстады

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша түнгі сағат 00:10 шамасында саябақта өзінің танысы ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 120 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті жергілікті тұрғын 1 тәулік ішінде ұсталды. Оны тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, екі жігіт қаладағы саябақтардың ішінде ішімдік ішкен. Содан соң күдікті жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, біреуге хабарласатынын айтқан. Сол сәтте екеуі сөзге келіп қалып, күдікті жәбірленушіні соққыға жыққан. Содан «Самсунг 50» маркалы ұялы телефонын ашық түрде тартып алып, жәбірленушіге дене жарақатын салған. Жас жігіттен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай ашуға» толық мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Шымкенттік ХҚО арқылы қамқоршылыққа 40-қа жуық өтініш берілді

smarttop

ШЫМКЕНТ-ЦИРК ОРКЕСТРІ БҮКІЛӘЛЕМДІК МУЗЫКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ “АЛТЫН ҚҰРМЕТ” КІТАБЫНА ЕНДІ

smarttop

АДАЛ ЕҢБЕК – АДАМ КӨРКІ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 4 534 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру