24.3 C
Шымкент
Четверг, 24 июля, 2025
Smarttop.kz

Түркістан полицейлері облыста заңсыз жүрген 40-тан астам шетелдікті анықтады

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында, олар жұмыс істейтін немесе тұратын бірқатар құрылыс, басқа да нысандарға тексеру жүргізіп, рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде Түлкібас ауданында көрші мемлекеттен келіп, заңсыз жүрген 44 шетелдік азаматты анықтады.Оның ішінде Өзбекстанның 36 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігін бұзған 8 шетелдік азамат әкімшілік тәртіппен елден аластатылды.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай іс-шаралардың мақсаты көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды күшейту болып табылады.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделгенін ескертеді. Егер сізде, көші-қон саласындағы осындай бұзушылықтарға байланысты қандай да бір ақпарат болса, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ СҰРАНЫСЫМЕН СКЕЙТ ПАРК АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 6 ЖЕРГЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру