Шымкент қаласы аумағында 9 ірі базардың жанынан «Жастар ұйымдары» ашылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Негізгі бағыттары базарларда жұмыс істейтін жастарды әлеуметтендіру және кәсіпкерлікті заңдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту, спорттық іс-шаралар жүзеге асырылу бойынша (қазіргі таңда 1874 жас қамтылды).
«Шымкент қаласындағы NEET санатындағы жастар туралы» тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес, жұмыссыз жүрген 10 604 жастың тізімі жасақталып, оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Республика бойынша NEET санатындағы жастардың орташа көрсеткіші 6,6%-ды құраса, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 6,1%-ды (13 768 жас) құрап отыр. 2021 жылмен салыстырғанда NEET санатындағы жастардың үлесі 0,5%-ға төмендеді.
Жоспарға сәйкес, «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 34 рет ұйымдастырылып, оған 5000 жас тартылды.
Жастар ресурстық орталығы жанынан «Мобильді топ» құрылып «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы ұйымдастырылып, шалғай елді мекендердегі 15 000 астам жасқа (жұмысқа тұру, үй кезегіне тұру, техникалық білім алу және т.б.) әлеуметтік көмек және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Нәтижесінде, 14965 жастар мемлекеттік бағдарламаға тартылды.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында 1313 жас шілде-қыркүйек айлары аралығында жұмыспен қамтылды. Еңбек жасақтары 70 гектарға жуық гүлзарлардың күтімімен айналысты.
«Жаңа өмір» жобасы аясында пробация есебінде тұрған 500 адамға психологиялық-консультациялық курстар, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша 10 семинар-тренинг ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 10 команда жасақталып, кіші футболдан турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Нәтижесінде: 27 жас жұмыспен қамту орталығының қызметіне жүгініп, кәсіптік және техникалық оқу, «Бастау бизнес» жобалары бойынша оқуға жолданды, 166 жас жұмысқа орналасты.
Жастар арасында әскери патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған «Жас сарбаз» жобасы жүзеге асырылып, мектептердегі жас сарбаз клубтары арасында патриоттық сайыстар ұйымдастырылды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Шымкент жастар лигасы» ұйымдастырылып келеді. Биыл бұл жобаға 151 мектептен футбол, волейбол, баскетбол, шахмат ойындарынан 514 команда, жалпы алты мыңға жуық мектеп оқушылары қатысып, жеңімпаз әр командаларға демеушілер тарапынан 20 млн. теңгеден қаржылай сыйақылар берілді.
Лиганың 2022-2023 оқу жылына арналған үшінші кезеңіне 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысуда. Бүгінде аудандық іріктеу ойындары жүргізілуде, 2023 жылдың маусымына дейін жалғасады.