16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Дәріханаға баратынын айтып, із-түссіз жоғалған жас қыз табылды

Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, кешкі сағат 18:30 шамасында жасөспірім қызы дәріханаға барып келетінін айтып, қайта оралмаған. Жақындары өздері күні бойы іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды бірден іздеуге кірісті. Жас қыздың баруы мүмкін жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде жас қыз 1 күн ішінде Шардара ауданында қыдырып жүрген жерінен табылды. 18 жасар қызды полицейлер отбасына қайтарды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде полиция қызметкерлеріне қыздың анасы алғысын білдірді: «Полиция қызметкерлері қашанда халыққа демеу бола біледі. Олар үнемі қолдарынан келетін барлық жақсылықты жасауға тырысады. Бүгін жоғалған қызымды тауып берді. Тәртіп сақшыларының жұмыстарына дән ризамын! Табыс, сәттілік тілеймін. Елдің қамқоршысы болып жүре беріңіздер!» — деп аналық ақ тілегін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

«ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҮЗДІКСІЗ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕДІ

smarttop

ӘКІМНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП ЖЕКЕ КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР

smarttop

Пікір қалдыру