13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер екі бірдей тұрғынның атынан несие рәсімдеген күдіктіні ұстады

Ордабасы аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Онда жәбірленушілер өздерінің танысы жеке басын растайтын мәліметтерді пайдаланып, шағын несие беру ұйымдарының бірінен несие рәсімдеген. Олардың біріншісінен 40 000 теңге, екінші жәбірленушінің атынан 240 000 теңге несие алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Сақшылар жас әйелді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұған дейін де сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері алаяқтың құрбаны болмауға шақырады. Күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттарды бермеуге кеңес береді. Егер де, сіз, алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ ФИЛЫМ КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ НАЗАРЫНА

smarttop

«Sarap» эксперттік клубының «Жолдау –2022: Қазақстанда қандай реформалар жүргізіледі?»

smarttop

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САЯБАҚТА САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру