16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер 3 күнде 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Ағымдағы жылдың 15-19 сәуір күндері аралығында Сарыағаш пен Келес аудандарында жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын төмендету және Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында полицейлермен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұнда тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударуда. Аталған профилактикалық шара барысында, Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонымен 489, Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлерімен 412, келестік полицейлермен 360 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 6 жайт мас халде көлік құралын басқарған жүргізушілерге қатысты. Осы азаматтарға қатысты медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес мас күйде екені анықталған. Содан соң ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданған. Сонымен қатар қозғалыстың қарсы бағытына шығудың 4 жайты, авариялық жағдай туындатудың 9 жайты, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 1 жайт анықталған. Ал заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан 1 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған 127 жүргізуші анықталып, тиісті шара көрілді. Оған қоса қауіпсіздік белдігін тақпаған 325 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген 30 көлік жүргізушісі анықталған. Айыптұраққа 135 автокөлік қойылған. Жолдардың авариялық учаскелерін анықтау және жол белгілерін орнату бойынша Сарыағаш пен Келес аудандарында қажетті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 30-дан астам жол белгілері орнатылған.

Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жол қателікті кешірмейді!

Ұқсас ақпараттар

АКИМ ГОРОДА В ОЧЕРЕДНОЙ РАЗ ПРОВЕЛ ЕДИНЫЙ ПРИЕМ ГРАЖДАН

smarttop

ШЫМКЕНТ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

АШЫҚ ДИАЛОГ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру