8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Мас күйде көлік жүргізген жүргізуші қамауға алынды

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы кезінде орын алатын оқыс оқиғаларды болдырмас үшін рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Осындай шара кезінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Сарыбұлақ ауылында қызмет атқару барысында, «Нексия» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның 2018 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша жауапқа тартылып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары оның масаң халде екендігіне күмән келтіріп, сот медициналық куәландыруға жіберді. Нәтижесінде оның мас күйде екендігі анықталды. Полицейлер жүргізуші ер адамды полиция бөліміне жеткізіп, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкагольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немсе көлік құралын осындай адамның басқаруына беру» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда жүргізуші қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңға бағынуға кеңес береді. Көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдамауды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзған жағдайда арнайы шара көрілетіндігін еске салады.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ТҮРКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІП КЕЛГЕН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

smarttop

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІН ҰЙЫСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ РӨЛІ АЛДЫН АЛУДА

smarttop

ЖАЙЛАУ КҮНІНДЕ ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру