8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Мазараттағы көктастарды бояп, бүлдірген жасөспірім анықталды

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде, Кентау қаласындағы мазарат ішінде жасалған құқық бұзушылықты анықтады. Яғни тұрғындардың бірі өз бейнежазбасында мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі «Вандализм» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
Тәртіп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты атқарылған іс-шаралар нәтижесінде теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды.
Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, мазараттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Ұқсас ақпараттар

Этносаралық көшбасшылары туралы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

smarttop

САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру