22.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер тұрғынның 800 келіден астам етін сатып алып, ақшасын бермей қойған алаяқты ұстады

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оған бейтаныс әйел сойылған мал еттерін көтерме бағада сатып беремін деп сеніміне кірген. Ол жәбірленушіден 310 келі болатын жылқы етін, 555 келі болатын бұқа етін алып, алғашқы жарна ретінде 500 000 теңге ақшасын берген. Осылайша әйел сенімге кірген соң, қалған ақшасын қайтармай қойған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары ақпарат алысымен алаяқтық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез-келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

ҚАНДАСТАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

smarttop

Түркістан облысының полицейлерімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі заты тәркіленді

smarttop

Пікір қалдыру