Smarttop.kz

Шалбарының қалтасына есірткі жасырған күдікті ұсталды

Тәртіп сақшылары тұрғындарға есірткіні тасымалдау, сақтау қылмыс екенін үнемі еске салып отырады. Яғни есірткімен күрес — олардың күн тәртібінен түскен емес.

Мәселен, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның есірткі сақтайтынын анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тапты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

smarttop

Дәріханаға баратынын айтып, із-түссіз жоғалған жас қыз табылды

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру