3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады.
Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін атап өтті.
Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады, ал іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады.

«Біз өндірісті кеңейтеміз және инвестициялық жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Бұл қағаз өндірісі, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салалар болуы мүмкін. Біз тау-кен металлургия кешеніне де инвестиция салуға дайынбыз. Бұл ретте, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялар бар. Сондықтан инвестиция мәселелерін бірлесіп қарастырғымыз келеді», — деді Eren Holding басшысы. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады.
Кездесу нәтижесінде Қазақстан аумағында әлеуетті инвестициялық жобалар пулын пысықтау және барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді диалогты қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.
Ғабит Сыздықбеков түрік компаниясына қалаға қызығушылық танытып, энергетикалық кешеннің дамуына тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ маңызды саладағы бірлескен жобаны тез арада жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН АКЦИЯДА ДАУЛАСУШЫ ТАРАПТАР БІТІМГЕ КЕЛДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІМІН ПЫСЫҚТАДЫ

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ-ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ

smarttop

Пікір қалдыру