9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер суға түсу ережесін бұзған 32 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырды

Тәртіп сақшылары суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар атқаруда. Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына жасөспірімдерге суға шомылуға тыйым салынған жерлерге баруға рұқсат бермеу керектігін түсіндірді. Сонымен қатар балаларды қадағалап, суға шомылу анықталған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігі туралы ескерту жасады.
Полиция қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Осыған байланысты полицейлер аудандағы каналда шомылып жатқан балаларға судағы ережелер мен оның қауіпін айтты. Жасөспірімдерге кез-келген жерде ата-ананың қарауынсыз суға түспеуді, терең жерлерге бармауға кеңес берді. Полицейлер рейд кезінде суға шомылып жатқан балаларды анықтап, олардың үйіне барып, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы 1-бөлігі «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 32 ескерту хаттамасын толтырды. Түркістан облысының полицейлері әр адамның өмірі маңызды екенін еске салады. Сондықтан жолда жүру мен суға түсу ережелерін әрдайым сақтау қажет. Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар. Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпай, техникалык ескерту белгілерін есте сақтаңыздар!

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

smarttop

АКИМ ГОРОДА В ОЧЕРЕДНОЙ РАЗ ПРОВЕЛ ЕДИНЫЙ ПРИЕМ ГРАЖДАН

smarttop

Пікір қалдыру