37.3 C
Шымкент
Понедельник, 15 июня, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер жанармай құю бекетінде тұрған кранның құрылғысын ұрлаған күдіктіні анықтады

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша оның «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолы бойында орналасқан жанармай құю бекетіндегі жүк көтергіш кранның құрылғысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 000 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға келді. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деп танылған азамат ұсталды. Ол бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғын, ер адам болып шықты. Тексеру кезінде ер адам қаражат қажеттілігіне байланысты осындай әрекетке барған. Ол ұрлаған бөтеннің мүлкін Шымкент қаласындағы гаражға апарып сатқан. Полиция қызметкерлері сезіктінің сатқан құрылғысын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтыққа тап болмас үшін бейтаныс адамдарға ақша аударымдарын жасамауға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі түрлі жарнамаларға сенім артпауға кеңес береді. Егер де, сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАМЫЗДА ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ САПАЛАРЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ТОЛЫҒУДА

smarttop

ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 240 ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру