Smarttop.kz

Полицейлер жалған нөмір тағып алған көлік жүргізушісін анықтады

Полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті — қоғам тыныштығын сақтау. Яғни түрлі жол қозғалыс оқиғаларының алдын алып, қылмыспен күресу жолында табанды қызмет ету болып табылады. Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып, тыныштық сақтауда белсенді қызмет атқаруда. Мәселен тексеру жұмыстары нәтижесінде «ВАЗ-21115» маркалы автокөліктің жалған нөмір тағып жүргенін анықтады. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫН АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру