14.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 6 МЫҢ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Шымкентте биыл бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Шымкент жастар лигасы» екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Осы мақсатта барлық мектептерден футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) командалары және оларды қолдау бойынша фан-клубтар құрылады. Әр команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталады.
Лига 2021 жылғы наурыз-маусым айлары аралығында 2 кезеңде өткізіледі.
І кезең наурыз-мамыр айлары аралығында әр ауданның мектеп командалары арасында 4 топқа бөлініп өтеді. Нәтижесінде әр спорт түрінен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарынан қалалық жарысқа
16 командаға жолдама беріледі.
ІІ кезеңде 16 команда арасында
1/8 финалдан бастап, 1/4 финал,
1/2 финал, финалдық ойындарда жеңімпаз командалар анықталады.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клуб» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Жобаның ұйымдастырушылары:
— Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы;
— Шымкент қаласы білім басқармасы;
— Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағын ауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.Спорттық нысан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион аумағында орналасады. Мамандандырылған залда 12 үстел болады және тек аймақта ғана емес, республика көлеміндегі теннисшілер жарыстарға дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, турнирлер ұйымдастыруға мүмкіндіктер зор болмақ.

Ұқсас ақпараттар

Құрметті қала тұрғындары!

smarttop

САУДА БАЗАРЛАРЫНЫҢ  ЖАҢАРУДАН ӨТУДЕ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА: 2-10-20, 5-10-20 ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру