9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 1 МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

2021 жылы Шымкентте 1 млн шаршы метрден астам тұрғын жай ел игілігіне берілді. Өткен жылы қалада бірмиллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланып отыр (1060мың ш.м, өсім — 4,7%).Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді (2972 пәтер, 239,3 мың ш.м) пайдалануға беру жоспарлануда. Ал биыл бұл межені 4,7 пайызға арттырып, пайдалануға берілетін баспана көлемін 1 млн 60 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Халыққа қолжетімділікті арттыру және тұрғын үй беру саласындағы жұмыстары басты назарға алынып отыр. Тұрғын үй беру жолдарын халық арасында айтып жеткізу  үшін медиа жоспар бекітіледі.

— Бюджет есебінен көп қабатты 51 үй пайдалануға тапсырылады деген жоспар бар. Бұл – жалпы 2 972 пәтер деген сөз. Оның ішінде 31 кредиттік, 20 арендалық үй бар, – деді қала әкімі.
Мегаполис басшысының айтуынша, баспана кезегінде тұрған, табысы аз азаматтарға құны 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификатын беру қарастырылған. Қаладағы пәтер мәселесі туындауы-халық санын тығыздануыны бірден бір себеп,осыған байланысты қала әкімі брифингте мәлімдеме жасады. Бұл мақсатта 500 млн теңге бөлінді. Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн. теңгеге 500 тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Бүгінде тұрғын үй кезегін E-gov порталынан және тұрғын үй басқармасында ашылған өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан білуге болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформасы 100 пайыз іске асырып, «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы енгізгенін айтты.Ал тұрғын үй қорын басқарудың жаңа механизмдері – пәтер иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікке өту көрсеткіші қалада 100 пайызды құрайды, — деді әкім.

 

 

Ұқсас ақпараттар

«АҢСАҒАН СӘБИ»: ШЫМКЕНТТЕ КВОТА САНЫ АРТТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ЖИҺАЗДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Полицейлер үйіне есірткі сақтаған ер адамды ұстады

smarttop

Пікір қалдыру