16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ 2025 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.  Қазіргі уақытта байқалып отырған әлемдік энергия жеткізгіштер нарығының құбылмалылығы жоғары жағдайларда көптеген мемлекеттер мен ірі трансұлттық мұнай-газ компаниялары өздерінің болашақ дамуының негізгі бағдарын жасау үшін әлемдік экономиканың көмірсутек ресурстарына қажеттіліктерінің жаһандық даму сценарийлеріне айтарлықтай көңіл бөлуде. Қала әкімі шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстарының барысына тоқталып өтті.
Шаһарда инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы кезең-кезең бойынша жүргізілуде. «Бозарық» қосалқы стансасы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тапшылығы шешілді.
– Бүгінде 8 елді мекенде электр энергиясы, 31 елді мекенде табиғи ғаздың сапасы жөнінде мәселелер бар. Биыл сапалы электрмен қамтуда 16, табиғи газ жүйесі бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд.теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек.
Осы жұмыстардың нәтижесінде сапалы электрмен қамту көрсеткіші 99 пайызға, табиғи газбен қамту 94,7 %-ға өседі. Жалпы 2023 жылы ауыз сумен қамту, 2025 жылы электр қуаты және табиғи газбен қамту 100 пайызға орындалады, – деді қала әкімі.
Сонымен қатар, биыл 19 кәріз жүйесінің құрылысы атқарылуда. Нәтиижесінде, кәрізбен қамту 54 %-дан 60 %-ға дейін ұлғаяды.

Ұқсас ақпараттар

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР ӨТТІ

smarttop

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТАРИХИ ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ 2024 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру