«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 маусымдағы №306 қаулысына сәйкес, 30.06.2022 жылы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезең бойынша жеңімпаздарын анықтау комиссиясының отырысы өткізілген болатын.
Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасылардың құжаттары ұсынылған болатын.
Нәтижесінде 31 отбасының құжаттарын қарап, оның ішіндегі 15 отбасы тиісті құжаттарын толық ұсынбауына байланысты қараусыз қалдырды.
Ал қалған 16 отбасылардың құжаттары жоғарыда аталған қағидаға сәйкес бағаланып, жеңімпаз ретінде 4 отбасы қалалық деңгейде өтетін екінші кезеңге жолама алды.
Олар:
— Байбосновтар отбасы;
— Теңізбаевтар отбасы;
— Бақтыбаевтар отбасы;
— Шукуровтар отбасы;
Бүгінгі осы аудандық деңгейде өткізілген «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының І-ші кезеңіне белсене қатысқан барлық 16 отбасыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, сый құрмет көрсетілді.