ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесіп, еркін форматта пікір алмасты. Іс-шарада БАҚ туралы заң жобасы, журналистердің мәртебесі, мерзімді басылымдарды субсидиялау, кадр тапшылығы мәселелері талқыға түсті.
Сенатор А.Қапбарова бүгінде БАҚ туралы заң жобасы талқыланып жатқанын, бұл орайда түрлі ұсыныстар бар екенін атап өтті.
– БАҚ арқылы заң жобасы мен ұсыныстарға ие болды. Жаңарту реформаларының күшіне енетіндігін жеткізді. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында БАҚ туралы заңды қайта реформалап, оның рөлін күшейту керектігін айтқан болатын. Қазір Заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Отандық журналистиканың бәсекеге қабілеттілігі, одан әрі дамуы бойынша бірқатар кездесулер, жиындар өтуде.Журналистика саласындағы ең маңыздысы ол ақпарат және сол ақпаратты өңдеу. Халыққа жақын адамдардың бірі және солардың қиындықтарын және проблемаларын көрсете білу. Ең көп талқыға түсіп жатқаны – журналистерге статус беру мәселесі. Одан бөлек, қазір ақпараттық қоғамда «Бұқаралық Ақпараттар Құралдары» коммуникациясы деген ұғым пайда болды. Енді кез келген ақпарат таратушы жеке тұлғаның жауапкершілігі заңмен бекітіледі.Әр бір шығарылымға шығатын жаңалық Сонымен қатар, мерзімді басылымдарға мемлекет тарапынан субсидия беру мәселесі қарастырылуда, – деді А.Қапбарова.
Жиын соңында сенаторлар өңірдің даму жоспарына қатысты негізгі мәселелерді назарда ұстайтынын айтып, Қоғамдық кеңес жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңа Қазақстанды, әділетті қоғамды құруда БАҚ өкілдері белсенді жұмыс атқарып келеді. Сенат депутаты Н.Бекназаров қоғамның дамуында БАҚ-тың алар орны ерекше екенін, бұл ретте бірлесе жұмыс істеу қажеттігін мәлімдеді.