0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан полицейлері жасөспірім баланы тонаған күдіктіні ұстады

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келген. Ол арызында баласының велосипедін белгісіз біреу тартып алғанын көрсеткен. Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәлардан жауап алып, тұрғынды тонаған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды. Полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде Түлкібас ауданының жұмыссыз тұрғыны ұсталды.
Белгілі болғандай, жасөспірім бала түскі уақытта сиырын іздеп шыққан. Осы сәтте бейтаныс біреу оның мінген велосипедін ашықтан-ашық алып қойған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрайды.
Бүгінде қолды болған жәбірленушінің заттары заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Беймезгіл уақытта жалғыз сыртта жүрмеу қажеттігін ескертеді. Егер, сіз, осындай жайттардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 94 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 56 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

smarttop

ЭКОАКЦИЯ: ШЫМКЕНТТЕ 103 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру