3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БІРЛІК БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Елімізде этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлу күн тәртібінен түскен емес. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көпті көрген, аға буын өкілдері қатысқан түрлі басқосулар болып тұрады.

Сондай кезекті басқосу Шымкент қаласы аумағындағы «Маятас» тұрғын алабында жергілікті ақсақалдармен, белсенді тұрғындармен болды. Кездесуге Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев пен қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты. Бірлік түбі — береке. Иә, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тарихының едәуір бөлігі — оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Әлемдік тарихта әртүрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі — әсте де тың құбылыс емес. Бұл ретте, Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабақтасып келеді.

Жиында аталған аумақта қалыптасқан этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие, сияқты мәселелер жан-жақты сөз болды. Басқосуға жиналғандар бірауыздан барлық қазақстандық межеленген мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлікті сақтау керектігін сөз етті. Сондай-ақ, Жолдауды іске асыруда қоғамдық келі¬сім мен жалпыұлттық бірліктің, азамат¬тардың әл-ауқатын арттырудың және отанымыздың өркендеуінің берік кепілі болатынына сенімді екендіктерін айтты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 28 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

smarttop

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

Пікір қалдыру