1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАЛАЛЫҚ АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН – ШАХЛО

Елімізде жұмыссыздық санын азайту мақсатында, көптеген мүмкіншіліктер қаралған. Солардың бірі – өз кәсібін бастағысы келгендер үшін мемлекеттік грантта тағайындалған. Қала бойынша  жұмыссыздар саны 1000-нан астам және осы мәселені толықтай қарап отқан «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы іске асып отыр. Осы кезде алғашқы оқу деңгейін бітірген студенттермен қоса ересек адамдарымызға дейін «Жұмыспен қамту орталығына» жүгініп отыр. Бұл орталыққа денсаулығы бойынша мүгедектігі бар  және жұмысқа жарамсыз адамдарда тіркеліп өтініш қалдырған. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша жеке кәсіп басауға ниет білдірушілер саны артқан. Солардың бірі – 31 жастағы Мусаматова Шахло Бахтиерқызы.

Шахло – бала кезінен бері, техникалық бағытқа соның ішінде, компьютерлік қызмет көрсетуге қатты қызыққан. Ол өзінің бала күніндегі арманын орындап, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгініп, мемлекеттік грант иегері атанып, өзі армандаған жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.

-Мен мүгедектігі бар азаматша болсамда, бала кезімде арман еткен жұмысымда бастадым. Біздің елде жұмыс жасаймын, өзімді жетілдірімен дейтіндерге ешқандай тосқауыл жоқ. Қайта барлық мүмкіншілік қарастырылған. Бізге осылай қолдау көрсетіп отырған барша сала қызметкерлеріне алғысым шексіз, — деді Шахло.

Айта кету керек, жастарды жұмыспен қамту – нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының басым бағыты. Осы бағдарлама аясында жастардың жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында, алғашқы жұмыс орнына орналасуы үшін, жастар тәжірибесі енгізілген, бұл уақытта еңбекақыны мемлекет төлейді, жалақысы аз болса да, маманның тәжірибе жинақтап, ары қарай жұмысқа орналасып кетуіне ықпал етеді. Алайда бұл бағдарлама өткен жылмен тәмамдалды. Ал әрі қарай қалай болады дегендер үшін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба күшіне енді. Алайда әзірге ережелері белгісіз күйінде болып отыр.

Айта кету керек, ағымдағы жылы 1000-нан астам адамға мемлекеттік грант тағайындау жоспарланған. Бірінші лек (поток) бойынша 220-дан астам шымкенттік грантқа қол жеткізген.

 

Ұқсас ақпараттар

«IGILIK PARK» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

БИЗНЕС СЕКТОРДА ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ» ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

smarttop

Пікір қалдыру