Smarttop.kz

ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕ-БАЛА БОЛАШАҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ

Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына, ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді. Қаламыздағы жастарға кітап арқылы өзіндік даму мен өзін-өзі тану мақсатында Әл-Фараби ауданы жастар орталығы мен Абай кітапханасының №7 бөлімшесімен бірге «Bookcrossing» орналасқан саябақта «Тағылымды тәрбие-бала болашағының іргетасы» тақырыбында жасөспірімдермен кездесу өтті.

«Bookcrossing» мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу және әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру. Күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу.

Бұдан әрі кез-келген оқырман осы кітап сөресінен өзін қызықтырған оқулықты тегін алып оқуына, сонымен қатар, ұнатқан кітабын өз қорындағы кітаппен алмастыруына болады. Бұл әдіс арқылы көпшілікті кітап оқуға шақыру, үндеуге мүмкіндік бермек. Әрі кітап қоры да үнемі жаңарып отырады.

Ұқсас ақпараттар

ШАПЫРАШТЫ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру