9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

6 АЙДА ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 139 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПҚАН

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары, 300-ге жуық аудан тұрғыны қатысты.

«Ашық диалог» форматында өткен кездесу барысында қала әкімі тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітілетінін түсіндіріп өтті.

1 — ші жартыжылдықта Қаратау ауданы тұрғындарымен 63 кездесу өтіп, онда 328 мәселе көтерілген. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 139 мәселе шешілген, 189 орындалуда. Оның ішінде 71 мәселе алдағы екі жыл көлемінде шешімін табады. Шешімін тапқан әрбір мәселе «қоғамдық бақылау» кеңесімен расталып отырды.

266 мыңнан аса халқы бар ауданда шешілмеген түйткілді мәселелердің әлі де көп екеніне тоқталған М.Әйтенов, жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Қаратау ауданы бойынша қосып айтар болсақ, Қала әкімінің есепті кездесуінде Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты. 2023 жылы ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта биыл Нұртас су жинақтағыш магистралды құбырының құрылысы аяқталады. Ал Қайнарбұлақ және Асар-2 елдімекенінде құрылыс жүргізіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.

Достық пен Асар-2 тұрғындары сапалы электр желісіне қол жеткізеді. Тассай шағын ауданында құрылыс жұмыстары осы жылы басталып, 2023 жылы аяқталады. Нәтижесінде биыл ауданды электрмен қамту 97 пайызды құрамақ.

Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 90 пайызға жетеді. Бұл мақсатта Тұран, Тассай, Нұртас, Қайнарбұлақ, Асар-2 елдімекендерінде құрылыс жұмыстары басталады. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.

Мирас, Ақжайық, Тұран ішкі магистралы, Асар-2, Тассай, Достық елдімекендерінде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Асар-2, Тассай, Достықта жұмыстар алдағы жылы аяқталады.

2022 жылы 39 көше жарықтандырылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

smarttop

 «ОТБАСЫ – ШАҒЫН ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

smarttop

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ

smarttop

Пікір қалдыру