4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» НӘТИЖЕСІ

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижесін көрсетуде. Еңбекші ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 1,8 есеге артқан.

Бұл жылы 79 үй ауласы абаттандырылады. Алғашқы кезеңде 58 үй ауласы, 2-кезеңде 21 үй ауласы жөнделеді.

Жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.

Қаратау ауданында 2021 жылға қарағанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 10 есеге артқан. Өткен жылы 5 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биылғы жылы 26 үй ауласы жаңарып, ирригациялық арықтар салу бойынша 2 жоба жүзеге асырылмақ.

Айта өтсек, жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.

Сонымен қатар, ескере айтып өтетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасының аясында өткен «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында болған кез-келген қала тұрғыны және  қала аумағындағы абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеяларын  ұсына алады. 2021 жылы аулаларды көгалдандыру  және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты  үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда.

Осы орайда  көпқабатты үйлердің аулаларының ашылуларына қала басшысы қатысып, мереке ұйымдастырылып аулалардың ашылу салтанаты өтілді. Бүгінге қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіру арқылы, өз ұсыныстарын қалдыруға және  кері байланысқа шығуға мүмкіндік берілгендігін жеткіземіз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

Түркістанда мүгедектікке шығарып беремін деп, екі бірдей тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЕҢБЕКАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ

smarttop

«IGILIK PARK» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру