Smarttop.kz

Сайрамдық сақшылар арбат аумағына рейд жүргізіп, 6 жүргізушіні жауапқа тартты

Сайрам АПБ полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын аймақтарда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейдтік-профилактикалық шара ұйымдастырды. Әсіресе Ақсукент ауылы Абылайхан көшесінде орналасқан Арбат демалыс аймағы жанында қауіпсіздікті қадағалады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін орнатылған «сағат 20:00 — 06:00 аралығында көліктердің жүруіне тыйым салынады» деген жол белгісі мен шлагбаумға қарамай, арбатқа кіріп, жол ережесін бұзғандарды анықтады. Бұл жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабымен «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» 6 хаттама толтырылды.

Сондықтан полицейлер көлік тізгіндегенде жол бойына, көшелерге орнатылған барлық жол белгілеріне назар аударуды, жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚАНТТЫҢ ОРНЫН БАСАТЫН ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ӨСІРУДЕ

smarttop

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ АСПАНҒА КӨТЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру