16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Балабақша — білім беру саласының іргетасы

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы туралыжаңа жолдауда,  келесі жылдан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көбейтіп, жүктемесін азайту көзделіп отыр. Себебі, балабақша — білім беру саласының іргетасы. Сонымен қатар, балалардың тамақтану нормативі мен балабақшаға орналасу кезегі де қайта қаралады». Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетов Шымкент қаласының білім саласының өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының әр Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жөнінде айтылып келеді. Жастар қандай білім алса да, қандай кәсіп бастаса да мемлекет тарапынан қолдау барын сезінуі тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жас буын жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз, – деді Б.Садықов.

— Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, бүгінде мектеп мұғалімдерінің қосымша жүктемесі азайтылды. Яғни, әр мұғалім бір жұмыс күнінде екі құжатты ғана толтырады. Оның бірі – сабақ жоспары, екіншісі – сыныптың оқу журналы. Алайда, мұғалімдер сыныптағы 4-5 дарынды оқушыны ғана бағалап, оқытпай, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейтуі керек. Сынып жетекшілері баланың ата-анасымен жұмыс істеп, сабақ үлгерімінің төмендеу себебін анықтаған жағдайда, білім сапасының да артатыны сөзсіз. Мен бұл тұста, еліміздегі Білім-инновация лицейлерінің ата-анамен жұмыс тәжірибесін қолдаймын. Сондай-ақ, білім сапасын арттыру мақсатында мектеп директорларының ротациясы да өз нәтижесін беріп отыр. Шымкент қаласы алғашқылардың бірі болып ротация жұмыстарын жүргізді. 20 жылдан астам бір мектепті басқарған кісілердің ротацияға деген кереғар көзқарасын да білеміз. Дегенмен, білім сапасын арттыру үшін қажетті тәжірибенің бірі. Биыл республиканың барлық өңірінен 1000 мектеп директорын ротациялау жоспарланған болса, бүгінге дейін оның 700-і ауысып үлгерді. Алдағы уақытта бір мектептің басшылығындағы қызметі 7 жылдан асқан жағдайда ғана ротацияланады, — деді Асхат Қанатұлы.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрі А.Аймағанбетов алдағы уақытта өңірлерде салынатын мектептердің жай-күйіне, мұғалімдердің жұмысқа орналасу мәселесіне тоқталды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанның жүргізуімен өткен жиын сұрақ-жауап негізінде жалғасты. Кездесуге келген мұғалімдер мен мектептердің қамқорлық кеңесінің төрағалары, колледж оқытушылары саладағы көкейтесті сауалдарын жолдады.

Ұқсас ақпараттар

БОЗАРЫҚҚА БАҒЫТЫНА ЕКІ АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с Днем победы

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 11 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру