16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН» 1500-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

Шымкентте «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілген шаралардың оң динамикасы байқалады. Аталған жоспарда жұмысшы жастар ел дамуының негізі ретінде қарастырылып, осы санаттағыларды жұмыспен қамту шараларына басымдық берліген. Бұл бағытта «Жастар практикасы» бағдарламасының рөлі ерекше.
Мәселен, Шымкентте осы жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған. Жыл соңына дейін жоспардағы 2650 жасқа жолдама беру көзделіп отыр.
Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 тг. құрар отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.
Мемлекет арқылы көмек алған және өз жұмысын тауып немесе кәсіп ашып қолдау алған азаматтарымыз қаншама.
Осыны ескере отырсақ, Мемлекеттің қолдауымен кәсіп бастаған жастарымызда көп. Шымкент қаласының тұрғыны Лаура Шонықбайдың жасы 27-де. Ол ағымдағы жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, сәуір айында мемлекеттік грантқа үміткер ретінде жастар санатымен (29 жасқа дейін) құжат өткізген. Оның кондитерлік өнімдер дайындау бизнес жоспарын комиссия мақұлдап оң қорытындысын берген. Көп ұзамай тиісті грант қаражаты тағайындалып, оған кәсібін бастауға арналған бірнеше құрал-жабдық сатып алған.
— Мемлекеттің осынау қолдауы — кәсіп бастаймын деген жастарға үлкен мотивация. Қармақ берді, ары қарай алып кету әркімнің өз қолында. Шын ниеті бар адам кез-келген істі алып кетеді. Оған сенімдімін. Қиындықтар болмайды емес, болады. Оны жеңетін бір-ақ нәрсе бар. Ол — еңбек, — дейді Лаура Шонықбай.
2022 жылы Шымкентте барлығы 1150 азаматқа мемлекеттік грант тағайындау жоспарланған болса, бірінші кезеңде (сәуір айы) 225 азаматқа грант тағайындалған.

 

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС КЕРУЕНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ШЕРУ ШЫМКЕНТКЕ ЖЕТТІ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАРҚЫНЫН БӘСЕҢДЕТПЕЙ, САПАЛЫ САЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру