Smarttop.kz

IT САЛАСЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕТЕТІН ВЕБИНАР ӨТТІ

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында «IT мамандығын бастау үшін қандай бағытты таңдау қажет?» атты тегін вебинар сабақ ұйымдастырылды. IT мамандығы кәзіргі таңда сұранысқа ие  болып табылады. Мамандықтың қырсырын үйретудегі жастардың қандай бағдарламалар бар екендігі туралы олармен қалай қолдану қажеттігі туралы үйретіледі. Әлем сандық ақпараттар ағымымен болашаққа ілгері жылжып келеді, яғни, IT саласының маманынсыз болашағымызды елестету мүмкін емес. Болашаққа қарайтын болсақ, 2030 жылға таман бірнеше жаңа мамандықтар қалыптасады әрі барлығы технологиямен тығыз байланыста болады.

IT мамандарына сұраныс ие. Елде де, әлемде де. «Қазақстанда кадр тапшылығының кесірінен IT саласының дамуы тежеліп отыр» деген көзқарас бар екендігін   және соны дұрыстауға ниеттіміз.

Вебинарға қала жастары белсенді қатысты. Ұйымдастырушылар мақсатымыз жас буынға IT мамандығының қыр-сырын үйрету дегенді алға тартты.
Бүгінгі вебинарда IT саласында тәжірибесі мол Дәулет Мекемтас және Әділ Абсаматов өз білімдерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ IT мамандарын жігерлендіріп, мотивация берді десе де болады.
– Нұр-Сұлтан, Алматымен салыстырғанда Шымкент қаласында IT саласы кенжелеп келеді. Сондықтан, әріптестеріммен ақылдасып, қала жастарына IT мамандығының қыр-сырын үйрету үшін, тегін вебинар сабағын ұйымдастыру жоспарланды. Өзім осы салада жүргеніме бес жылдан асты. Осы жылдары бірнеше бағдарламалар құрастырып, оны жас мамандарға үйретіп келемін. Оның ішінде «During Maps», «Medical» деп аталатын программаларым бүгінде қолданыста. Осы салада жүріп, бірнеше жобалардың авторы болып, жетістіктерге жеттім. Ендігі мақсатым оқып-тоқығанымды жас өскінмен бөлісу, — деді спикер Дәулет Мекемтас.
IT мамандарына сұраныс Қазақсанда ғана емес, әлемде үлкен сұранысқа ие. Бұл мамандық жас талғамайды. Сондықтан, бәсекеге қабілетті болып, білім алып, тәжірибе жинақтауға ешқашан кеш болмайды.

Ұқсас ақпараттар

ТРИБУНА ЖОҚ…….

smarttop

Түркістан полицейлері «4 тонна қызанақ әкеліп беремін» деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ 22 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру