23.3 C
Шымкент
Суббота, 24 мая, 2025
Smarttop.kz

Алаяқтық жолмен ірі көлемде зейнеткердің ақшасын алдап алған әйел ұсталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның танысы зейнеткерлікке шығарып беретінін айтып, әбден сеніміне кірген. Осылайша сенімге кірген әйел тұрғыннан 1 637 000 теңге ақшасын алдап алған. Жарты жылдан аса уақыт өтсе де, берген уәдесінде тұрмай қашып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел әрекет етті. Полицейлер қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтық жасаған әйел анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде күдіктінің зейнеткерлікке шығарып беретінін айтып, алған ақшаны жаратып жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынатын, көшеде танысқан бейтаныс адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Оларға ақша беруде, ақша алуда оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ ОНЛАЙН ОҚИДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАМИДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ 50 КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру