4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТУДЕ

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкентте «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтуде. Шара аясында қала әкімі М.Әйтенов, қала әкімі орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері, сонымен бірге полиция және прокуратура өкілдері азаматтарды қабылдауда. Ашық есік күні кешке дейін жалғасады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті тамыз айындағы бірыңғай қабылдауына 250-ден аса азамат келген болса, соның 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін білдірсе, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде қаралды. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.Біріңғай қабылдау ол осы қала тұрғындарының сураныстарымен және талаптарымен таныс болу керектігін қажет етті.

«Түркістан» сарайында өткен біріңғай қабылдауда шахар басшысымен қатар қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, аумақтық департамент басшылары да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

Жер телімін заңдастыру, тұрғын үй беру туралы өтініштер тек заңға сәйкес шешілетінін айтылып, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек арқылы арнайы электронды жүйеде жүзеге асатыны түсіндірілді.

Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, Бас жоспарға қатысты өзгерістер ендіру, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларымен бөлісіп келгендер де болды.

М.Әйтенов әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындарды бірыңғай қабылдауы әр айдың бірінші сәрсенбі күні өтуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛДА 6 ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ ӨТТІ

smarttop

Шетел азаматын ұрып-соғып жеке куәлігін тартып алған жас жігіт ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру