4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

Полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу жұмысын жүргізу кезінде Ваз-21102 маркалы автокөлігінің жүргізушісін қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатты.

Полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның масаң күйіне күдіктенді. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің алкогольді масаң күйі анықталды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, әкімшілік хаттама толтырып, аудандық сотқа жолдады. Ордабасы аудандық сотының үкімімен аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Аталған шара кезінде тағы бір Ваз-21102 маркалы автокөліктің жүргізушісі тоқтатылды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жүргізуші көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарған. Полицейлер ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттама толтырып, іс құжаттарды аудандық сотқа жолдады.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресу шараларын тұрақты жүргізіп, күн тәртібінен түсірген емес.

Мәселен, полицейлер «Қарасора-2022» іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғынның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады. Тәртіп сақшылары ер адамды тексеру кезінде, ол өз еркімен полиэтилен пакетке оралған 1 бума есірткіге ұқсас затты ұсынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «марихуана» есірткісі екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жүргізуші куәлігінсіз және мас халде көлік басқармауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

«Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы Түркістан облысында іске қосылып, арнайы рейд жүргізілді

smarttop

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛЕДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру