9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ЖАҢА ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСПАҚ

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан бірнеше жеңіл өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем және кілем өнімдерін шығаратын кәсіпорын өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. Құны — 2,5 млрд.теңге болатын жоба жылына 1,4 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Фабрика өндірісі жыл соңында толығымен іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болса, өнімнің 70 пайызы ішкі, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған, техникалар толықтырылуда. Өнеркәсіптің ашылуы ол шағын бизнестің жүріп отырғанын белгісі.Фабриканың жаңа буында екені сезіліп тұр.

«Bal Tekstil» кілем фабрикасы еліміздің жеңіл өнеркәсібі көшбасшысы болып танылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 4000 тонна полипропилен жібін және 5 млн шаршы метрден астам кілем мен кілем бұйымдарын құрайды. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында өз өнімін шығара бастады. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» экспорттық нарықтарды игере бастады. Ал бір жыл бұрын Қазақстанда жасалған кілемдерге әлемге әйгілі IKEA компаниясы назар аударды. Бұл Швед брендінің мерзімсіз келісімшарт жасасқан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны.

ШЫМКЕНТТЕ ЖІП ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Биыл алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 10,1 пайызға өскен. Нәтижесінде, биыл инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба жүзеге аспақ.

Солардың бірі — аралас иірілген жіп шығаратын «Azala Cotton» зауытының екінші цехы. Инвест жобаның құны – 1,9 млрд теңге. Жылына 2500 тонна өнім өндіретін жоба жыл соңына дейін іске қосылғанда 200 адамға жұмыс орны ашылады. Өнімнің 100 пайызы ішкі нарыққа арналған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРДЫ МЕГАПОЛИСТІ ДАМЫТУҒА АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЫЗДАРЫ КЕШІРІЛІП, АЛДАҒЫ 12 АЙҒА ЖАРНА ТӨЛЕУ АРҚЫЛЫ 15 АЙ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІНДЕ БОЛАДЫ

smarttop

ЗАҢСЫЗ ЖӘНЕ ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗЫП САЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША МОНИТОРИНГ

smarttop

Пікір қалдыру