0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 2 дос 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды

Екі дос жайылымда қараусыз жүрген, қоршауы әлсіз қора-жайда тұрған төрт түлікті үптеп кетіп, оңай олжалы болып жүрген. Дегенмен қылмыстың өтеуі – жаза екендігі баршаға аян. Соңында мал ұрлығымен айналысып жүрген екеу, Түркістан облысы полицейлерінің қырағылығы мен кәсіби шеберлігі нәтижесінде құрықталды. Екі жас жігітке қатысты сот үкімі шығып, тиісті жаза қолданылды. Аталған мал ұрлығы жайлы тарқатып айтар болсақ: Созақ АПБ-ға 2022 жылдың қаңтар айында жергілікті тұрғын арызданып, құны 45000 теңге тұратын қошқарын белгісіз біреулер жымқырып кеткенін жеткізген. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді. Орын алған мал ұрлығы қылмысын ашып, күдіктілерді ұстау мақсатында созақтық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды түгел қарап шықты. Мал базарлары мен көліктер мұқият тексерілді. Осындай жан-жақты жұмыстардың нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы Созақ АПБ екі күдіктінің ізіне түсті. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті екеу көше бойында жайылып жүрген қошқарды өздеріне тиесілі «ВАЗ-2107» маркалы көліктерінің жүк салғышына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан ұрланған өзгенің малын, басқа біреуге 30 000 теңгеге сатып жіберген. Тәртіп сақшыларымен тексеру кезінде күдікті жас жігіттердің бұдан алдын да мал ұрлығын жасап, жалпы 7 тұрғынның малын жымқырғаны белгілі болды. Жалпы жәбірленушілерден 1 бас ірі қара, 6 бас ұсақ малдарын ұрлап, 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Ұрланған малдың 3-еуі жайылымнан, 4-еуі қорадан кеткен. Ұрылар үй жануарларын сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Осылайша іс толығымен аяқталып, құжаттар жинақталып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Нәтижесінде Созақ аудандық сотының үкімімен 27, 25 жастағы жас жігіттерге 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: қора-қопсыны мықтап қоршап, бекітіп, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға немесе бақташыға тапсырыңыз! Оларды дер кезінде таңбалап, сырғалаңыз! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «КҮТКЕН КҮН» АТТЫ СПЕКТАКЛЬ-КОНЦЕРТ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

smarttop

КӘСІБІН КЕҢЕЙТКІСІ КЕЛЕТІН КӘСІПОРЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

smarttop

1 Пікір

Mark 13.09.2022 at 07:38

Thanks for your blog, nice to read. Do not stop.

Жауап

Пікір қалдыру