Түркістан облысы Полиция департаментіне басшылық лауазымына тәжірибесі толысқан, жеке құрам арасында өзін білікті басшы ретінде таныта білген полицей ару келді. Нақтырақ айтсақ, ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың бұйрығымен Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары болып полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы тағайындалды. Тағайындау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Ішкі істер министрлігімен тікелей онлайн режимде өткізілді. Министр М.Ахметжанов жеке құрамға жаңа басшыны таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы бұдан алдын Түркістан облысы ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған. Қызмет жолында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің қаржы саласына қатысты түрлі басшылық қызметтерін абыроймен атқарған. ҚР ІІМ, Полиция департаменті тарапынан 50-ден астам медаль, грамота және «Алғыс хаттармен» марапатталған.
Ендеше полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызының осы сәтке дейінгі қызметтегі жетістіктері, кәсіби шеберлігі мен жеке қасиеттері жаңа лауазымын жоғары дәрежеде атқаруына негіз болады деп білеміз. Сондай-ақ сенім білдіріп, сәттілік тілейміз!