16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АБАЙ КҮНІ : АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Шымкентте Абай күні ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен басталды. Жиынға Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов ақын-жазушылар, мектеп оқушылары мен қала тұрғындары қатысты.Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының  мерейтойының қарсаңында бекітілді. Мереке ресми демалыс күні болып саналмайды.
–Абай Құнанбайұлы – ұлы тұлға. Ақынның шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді. Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, өсиеті де аз емес. Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.Абай ескерткішінің алдында гүл шоқтары қойылып, мәдениет мекемелері түрлі концерттер мен қойылымдарыда болды.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына. Ол шындықты айта отырып, өлеңдері мен қара сөздері арқылы жастарды адамгершілікке, адал достыққа үгіттеді. Күні бүгінге дейін дана ақынның шығармалары өзектілігін жоғалтқан емес,- деді Абай ауданының әкімі Бұқарбай Рысқұлұлы.
Мерекеге жиналған қауым Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтты. Белсенді шымкенттіктерге кітапхана атынан сый-сияпат жасалды. Іс-шараның жалғасы «Абай» кітапханасында жалғасты. Мұнда да ойшыл, ағартушының шығармашылығы насихатталды.
Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханасының Абай Құнанбайұлының 177 жыл толуына орай ұйымдастырған мерекесі «Абай әндерін бірге шырқайық» кітапхана түнімен аяқталады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТАЛАЙЛЫ ТАҒДЫР

smarttop

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру