0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

Қалалық №1 клиникалық аурухана хирургтары балаларды тегін сүндеттеуде. Екі күнге жалғасатын игі шара барысында дәрігерлер жалпы 100 балаға осындай тегін операция жасауды жоспарлап отыр.
Алғашқы күннің өзінде келген тұрғындардың қарасы қалың болды. Себебі, тегін сүндеттеу – әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жанұялар үшін едәуір көмек. «Оташы мамандар жасаған сүндет балаларғажеңіл әрі қолайлы болды» дейді ата-аналар. Дәрігерлер қайырымдылық шарасында қалалық емханаларды қатысуын талап етеді. Қала тұрғындарды осы іс-шара арқылы қайырымдылық шарасына қатысады.  Алғашқы күнінен бастап, ауруханалармен ізгі істе жарасайық деген ұстаныммен өткізілді. Жалпы, денсаулық сақтау саласының мамандары қалалық жерлерде қаржылық себептермен қоныстануды және еңбек жағдайларын жақсартуды қалайды. Ауылда немесе шалғай жерлерде кәсіпқойлар өздерін оқшауланған сезінуі мүмкін, бұл өз кезегінде олардың жұмысына және пациенттің бақылауына әсер етуі мүмкін. Дәрігерлердің жаңа буыны көп кәсіби тәжірибені және толық емес жұмыс күнін қалап, өмір мен өмірдің теңгерімін іздейді. Дәрігергерлің  осындай іс-шара ұйымдастыруы қайырымдылықпен айналысуы қала тұрғындарына үлкен көмек. Халыққа барлық жағдайды жасап, денсаулықтарын ойластырып, қанша дегенмен адамның өмірін сақтап қалуда жанталасар бірден бір кісілер осылар.
Қала тұрғыны Фатима Мұсаева бүгінгі сүндеттеу қайырымдылық шарасына бес немересін алып келіпті. Ол көп балалы отбасылар үшін мұндай игі шара зор қолғабыс екенін айтады.
Айта кетейік, бұл игі шара қалалық №1 клиникалық аурухана мен «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры жасаған екі жақты меморандум аясында өтуде. Шымкенттік дәрігерлер тегін сүндеттеу акциясынан бөлек, осы қорда тіркеуде тұрған аналарға тегін диагностикалық тексеру өткізіп, дәрігерлік кеңес берді.
Қайырымдылық шарасы аясында дәрігерлер 17-18 тамыз күні 100 бала мен 100 анаға тегін медициналық қызмет көрсетпек.

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛСІН!»

smarttop

ШЫМКЕНТТІК 20 ЖАС «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру