3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ: ТИІСТІ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН НЫСАНДАРҒА 170 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

2024 жылдың 8 айында Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді жұмыс атқарып, қаланың экологиялық ахуалын бақылауда ұстауда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы — Қозыбаев Ермахан Тастанбекұлы баяндады. Департаменттің негізгі міндеті – қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қарау және әлеуметтік желілердегі экологияға қатысты жарияланымдарға назар аудару. Шымкент қаласында сәуір айынан бері өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шараға 230 мыңға жуық тұрғын, 2301 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, сондай-ақ 687 әлеуметтік мекеме қатысты.

Департамент осы жылдың 8 айында 23 тексеру жүргізген. Оның ішінде 7 профилактикалық бақылау, 6 талаптарға сәйкестікті тексеру және 10 жоспардан тыс тексеру орындалды. Бұл тексерулер нәтижесінде жалпы 55 әкімшілік іс қозғалып, 48 іс бойынша 170,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі уақытта бір іс сот қарауында болса, тағы екі іс Шымкент қалалық Полиция департаментіне жолданған.

Департаменттің хабарлауынша, ең күрделі экологиялық оқиғалардың бірі 2024 жылдың 27 шілдесінде орын алған. «KMG Supple Company» ЖШС-не тиесілі аумақта 5000 қап техникалық күкірт өртеніп, нәтижесінде күкіртсутегі мөлшері ауада қауіпті деңгейге жеткен.

Сонай ақ, экологиялық заңбұзушылықтарды жою туралы 24 нұсқама беріліп, бірнеше іс сотта қаралуда. Мамандардың айтуынша, қаладағы өндірістік орындар мен тұрғындардың экологиялық нормаларды сақтамауы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп отыр.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

smarttop

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙҒАН

smarttop

АРМАН ҚАРСЫБАЕВ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ӨКІЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ ДАҢҚТЫ СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру