22.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕГІ ЖЕРДІ ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗДІ

Шымкентте мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз пайдаланып келген сауда орындарының иелеріне жауапты мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Абай ауданына қарасты Төлеметов көшесінің бойында ағаш сататын сауда қатарларының иелерімен мемлекеттік жерді пайдаланудағы заңдылықтарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Жеке азаматтың атына рәсімделген бұл сауда орнының аумағы 8 625 шаршы метрді құрайды. Осынша аумақты алып жатқан бұл жердің иесі қосымша мемлекеттің меншігіндегі 1 гектар аумақты заңсыз пайдаланып келгені белгілі болып отыр. Қазіргі таңда жер учаскелерін ішнара өз бетінше заңсыз пайдаланған жерде 4 бөлшек сауда орны жұмыс істеп жатыр. Онда 20-дан астам сауда қатары орналасып, күні бүгінге дейін құрылысқа қажетті заттар сатумен айналысқан тұлғаларға жауапты мамандар мәселенің мән-жайы мен заңдылықтарын түсіндірді.

Сауда орындарындағы сатушыларға бұл жер телімдері мемлекеттің меншігі екені, оны бүгінге дейін заңсыз пайдаланғаны айтылып, белгіленбеген орындарда сауда жасамау туралы ескерту берілді. Сатушыларға басқа сауда орындарына көшу қажеттілігі де ескертілді.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛ БАСЫНАН 14 000-ГЕ ЖУЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

smarttop

ҚАЛАНЫҢ МИКРОКЛИМАТЫН ЖАҚСАРТУ ТӨРТ КЕЗЕҢМЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

Шетел азаматын ұрып-соғып жеке куәлігін тартып алған жас жігіт ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру