16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Тұран ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп, жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспардың орындалу барысы баяндалды. 🔷 Қазір аудан аумағындағы 20 елдімекеннің тұрғындары тұрақты түрде сапалы ауыз су тұтынуда. Биыл Құрсай шағынауданын тіршілік нәрімен қамту жұмыстары аяқталады. Осыған дейін су жүйелерінің 92 %-ы, яғни 151 шақырымы тартылған. Жоспар бойынша ауданның ауызсумен қамту көрсеткіші жыл соңына дейін 100 пайызды қамтитын болады. 🔷 Ал, сапалы электр қуатымен елдімекендердің 99,5 пайызы қамтамасыз етілген. Бүгінде Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы жарықпен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс келесі жылға өтпелі. 🔷 Былтырғы жылы Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ елдімекендерін газдандыру құрылысы аяқталған. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» тарапынан құбырларға сынама жұмыстары жүргізілуде. Халықты шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және жергілікті (орталықтандырлмаған) жүйелер пайдаланылады. Өрталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі ірі және көлемі орташа қалалар мен елді мекендерде пайдаланылады, ал көлемі шағын елді мекендерде жергілікті сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдаланған тиімді. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі — тазартылған ауыз суды қүбырлар жүйесі арқылы түтынушыға жеткізеді. Жергілікті сумен қамтамасыз ету жүйесінде түтынушы жер асты суын тікелей оның шығатын жерінен алып 8олданады.Табиғи газ аталған шағынаудандарға жылу маусымына дейін берілетін болады. Ал, Айкөл, Құрсай, Жаңаталап шағынаудандарының жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін бүгінде жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аудан 2025 жылы көгілдір газбен толық қамтылатын болады. 🔷 Мұрат Дүйсенбекұлы халық тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, жаңа ауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жоспарларды түсіндірді. Сондай-ақ аудан әкіміне басқарма басшыларымен тығыз жұмыс жүргізіп, азаматтардың талап-тілектеріне қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Құрметті, Шымкент қаласының тұрғындары!

smarttop

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

smarttop

М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру